Астанада сыныптың ішінде газ шашқан жасөспірімдер жауапқа тартылды

250

Жоғары сынып оқушысы бұрын осы оқу орнында оқыған таныс қызбен бірге газ баллонын шашқан.  

Астанада сыныптың ішінде газ шашқан жасөспірімдер жауапқа тартылды Фото: Видеодан скриншот

Осыған байланысты сабақтар кейінге қалдырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, оқиға бұзақылық ниетпен жасалған. Сол сәтте сыныпта болған оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген. Құқық бұзушылыққа қатысы бар кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталып, олардың әрекеттеріне заң аясында баға берілді.

Тексеру барысында газ баллонын қолданған жасөспірімнің бұған дейін де бірнеше рет үйінен себепсіз кетуіне байланысты арнайы есепте тұрғаны анықталды.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттерді жай еркелік емес, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін қасақана іс ретінде бағалайтынын қатаң ескертті.

Оқиғадан соң білім беру мекемесінде профилактикалық кеңес өткізіліп, жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, қосымша шаралар қаралатын болады.

Сонымен қатар ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу