Астанада сыртқы жарнама мәтініндегі қателермен күрес басталды

670

Астанада сыртқы жарнама мәтініндегі қателермен күрес басталды

Өткен жылы сыртқы жарнама мен визуалдық ақпарат бойынша 2,5 мыңнан астам эскиздік жарнама жобаларына сараптама жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Вечерняя Астана" газетінің жазуынша, жарнама мәтіндеріндегі 1510 қате түзетілген.

"Елордадағы "Сарыарқа" ауданында рұқсат етілмеген жарнамамен күрес басталды", - деді аудан әкімі Арман Тұрлыбек.

Рейдке қатысушылар көптеген бұзушылықтарды анықтады. Шағын және орта бизнестің көптеген нысандары сыртқы безендіру кезінде қарапайым талаптарды сақтамайды. Заңнамаға сәйкес, елдімекендерде визуалдық жарнама тек қана жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ілінеді.

Соңғы тексеру нәтижесі бойынша мақұлданбаған жүздеген сыртқы жарнама анықталды. Бұдан бөлек, оларда қате көп. Мысалы, өндіріс тұрғын үй алабындағы сыртқы жарнамалардан  50 шақты мәтін қатесі табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу