Астанада тағы 10 қабатты үйде өрт шығып, балалар құтқарылды

159

Абырой болғанда барлығы дін аман. 

Астанада тағы 10 қабатты үйде өрт шығып, балалар құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Астанада 10 қабатты  тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдай департаментінің күштері балаларды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ТЖМ хабарлауынша, өрт Нұра ауданындағы Құлтегін көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде болған. Алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалған.

Өрт сөндіру оқпандары жедел түрде берілді, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түскен жоқ.

"ТЖМ күштері автосатының көмегімен 3 адамды құтқарды, олардың 2-еуі – балалар. Сондай-ақ баспалдақ марштары арқылы құтқару қалпақшаларын қолдана отырып 3 адам құтқарылды, олардың бірі – бала. Нақтыланған мәлімет бойынша электр қалқаны шахтасында өрт бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін болған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу