Астанада тағы екі құрылыс салушының жұмысы тоқтатылды

647

Авторлық және техникалық қадағалау органдарын аттестаттан және лицензиядан айыру туралы тапсырма берілді. 

Астанада тағы екі құрылыс салушының жұмысы тоқтатылды

Тұрғын үй кешендерін сапасыз салғаны үшін тағы екі құрылыс компаниясының және техникалық қадағалау сарапшыларының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі күнде үкімет Doing Business саясатын жүргізуде, ол нысанның қабылдау және пайдалануға берілу процесін жеңілдетеді. Алайда, кейбір авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын жекеменшік ұйымдар өз міндетін жосықсыз орындауда. Осыған байланысты құрылыс сапасына арналған кеңес барысында Әсет Исекешев құрылыс компанияларын, сондай-ақ нысандарды пайдалануға қабылдау барысында бірнеше рет заң бұзушылықтарға жол бергені үшін авторлық және техникалық қадағалау органдарын аттестаттан және лицензиядан айыру туралы тапсырма берді. 

Мысалы, белгіленген лицензиялау нормаларын, сондай-ақ құрылыс жұмысын сапасыз жүргізгені үшін "Sat Construction Group" ЖШС жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, "CAC group" ЖШС-нің мемлекеттік лицензиясы тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қалалық ортаның сапасын бақылау басқармасының мәліметі бойынша, нысандарды салу кезінде өз қызметін тиісінше жүзеге асырмағаны үшін техникалық қадағалау сарапшылары - Ринат Тухватова мен Сәуле Жармағанбетованың аттестаты тоқтатылды.

Айта кетейік, Астана қаласында 18-маусым күні жеке тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде тексеру тағайындау туралы 82 акті тіркелген. Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 241 бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарылған. Осыған байланысты ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 172 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін хабарланғандай, нысандарды салу кезінде құрылыс жұмысын сапасыз жүргізгені үшін үш компания құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылған. Олардың материалдары Жоғарғы соттың қарауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу