Астанада танысының көлігін заңсыз сатып жіберген ер адам ұсталды

129

Соның салдарынан көлік иесіне 11 миллион 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.  

Астанада танысының көлігін заңсыз сатып жіберген ер адам ұсталды Фото: mart-samara.ru

Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, күдікті бұрыннан таныс азаматының сеніміне кіріп, оған тиесілі ақ түсті Toyota Camry автокөлігін суретке түсірген. Кейін бұл фотосуреттерді пайдаланып, автокөлікті өзге танысына сатылымға ұсынып, арзан бағаға өткізген. Алайда көлік өзіне тиесілі емес екенін және оны сатуға ешқандай құқығы жоқ екенін сатып алушыдан жасырған.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды көлік құралын үшінші тұлғаларға берер алдында барлық мәмілені заң талаптарына сай рәсімдеуге шақырады. Тіпті таныс адамдармен арадағы келісімнің өзі құжат жүзінде бекітілуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу