Астанада тазалық талаптарын бұзған 13 мың адам жауапқа тартылды

94

Атап айтқанда, көшелерде, аялдамаларда, саябақтар мен аулаларда қоқыс тастау, темекі тұқылдарын шашу, түкіру және автокөлік терезесінен қалдық лақтыру деректері анықталған.  

Астанада тазалық талаптарын бұзған 13 мың адам жауапқа тартылды Фото: бейнежазбадан

Астана қаласының Полиция департаменті жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаудың мыңдаған фактісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Таза Қазақстан" акциясы аясында осы уақытқа дейін 13 мыңға жуық құқық бұзушы жауапқа тартылған. Құзырлы орган мұндай әрекеттер қаланың көркіне зиян келтіріп қана қоймай, тұрғындардың санитарлық жағдайы мен қауіпсіздігіне де кері әсер ететінін атап өтті.

Тәртіп бұзушылықтарды анықтауда Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тиімді жұмыс істеп жатыр. Камералар арқылы тіркелген деректер жедел түрде полиция жасақтарына жолданып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, полиция тұрғындарды да белсенді болуға шақырады. Қала тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екені ескертілді.

Полиция департаменті қоғамдық орындарды ластамау, балаларды тазалық мәдениетіне баулу және құқық бұзушылықтар туралы тиісті органдарға хабарлау қажеттігін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу