Астанада телемедицина орталығы ашылды

1036

Астанада телемедицина орталығы ашылды

Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы емханалардың бірінің базасында жеке инвесторлар ашқан қазақстандық-оңтүстіккореялық телемедицина орталығымен танысты. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім етті.

Орталықтың телекоммуникациялық жүйесі желідегі абоненттердің аудиовизуалды өзара іс-әрекетін және "Family Clinic" мамандары мен шетелдік тар бейінді мамандардың пациенттермен, сондай-ақ, зерттеуге берілетін барлық құжаттармен бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл бейнеконференциялық кешеннің құрамына озық құрал-жабдықтармен жарақталған басқару орталығы, жағдаяттық бөлме, зертхана, диагностикалық және рентген-кабинеттер кіреді.

"Халықтың денсаулығын қорғау — Мемлекет басшысы белгілеп берген негізгі басымдықтардың бірі және біздің елордамызда медициналық кластер қалыптасып келеді. Республиканың ең озық медициналық орталықтары осында орналасқан. Қазір біз Астанада денсаулық сақтау саласын ары қарай дамыту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Жақында туберкулезден емдеу ауруханасы, "жедел жәрдем" орталығы ашылады. Денсаулық сақтау саласына жеке инвестициялар салынып, кәсіпкерлердің осындай маңызды жобаларға қаржы құюға дайын екендігі қуантады", — деп мәлім етті жобаның таныстырылымы барысында Астана әкімі Әсет Исекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу