Астанада теміржол ынтымақтастығы ұйымының отырысы басталды

117

Биыл ұйымның құрылғанына 70 жыл толып отыр.  

Астанада теміржол ынтымақтастығы ұйымының отырысы басталды Фото: rail-news.kz

ТЖЫҰ-ның мерейтойлық отырысы Қазақстанда – Еуразия орталығында, стратегиялық көлік дәліздерінің қиылысында өтуі есте қаларлық оқиға, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) 1956 жылы құрылған және халықаралық темір жол тасымалдарын дамытуға, бірыңғай темір жолдың құқықтық кеңістігін құру мен трансқұрлықтық маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған халықаралық ұйым.

Іс-шара Қытай, Ресей, Мажарстан, Вьетнам, Әзірбайжан, Польша, Эстония, Армения, Грузия, Оңтүстік Корея сияқты 30-ға жуық елдің өкілдерін біріктірді.

Астанада халықаралық транзитті дамыту, көлік дәліздерін синхрондау және Еуразия кеңістігінде тасымалдаудың тиімділігін арттыру бойынша негізгі шешімдер талқыланады.

Отырыстың күн тәртібінде – ТЖЫҰ жұмысының қорытындысы, жүк және жолаушылар тасымалын, инфрақұрылымды, цифрландыруды және кадрлар даярлауды дамыту мәселелері. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың одан әрі бағыттары айқындалады және алдағы кезеңге арналған жұмыс бағдарламасы бекітіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу