Астанада терроризмге қарсы осал объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

807

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.

Астанада терроризмге қарсы осал объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

Жиында әкім терроризмге қатысты осал объектілерді қорғаудың ағымдағы жағдайымен және қауіпсіздікті күшейту туралы ұсынылған шаралармен танысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан ішкі істер органдары қаладағы 1106 объектінің 634-ін тексеріп шықты. 115-тен астам бұзушылықты жою туралы ұйғарым жазылды, 76 ТҚО объектінің қожайыны мен басшысына және де 5 күзет қызметін жүргізетін субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәжілісте қауіпсіздікті күшейте түсу үшін қаладағы барлық терроризмге қарсы жүйені қайта қалыптастыруға бағытталған бірнеше ұсыныстар айтылды. Соның ішінде объектілер мен халықты қорғау процесінің интерактивті жүйесін ұсынатын пилотты жобаны босату жайы сөз болды.

Авторлардың айтуынша, ұсынылып отырған жүйе әрбір мүдделі объектінің айналасындағы инфрақұрылымды дайындыққа, кез келген кризистік жағдай туындаған кезде нақты әрекетті жоспарлауға, дер кезінде қай жаққа көшірудің бағытын анықтауға, төтенше қызметтің келу маршрутын, жедел штабтың орналасу орнын схемалы түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, астанадағы барлық терроризмге қарсы объектілердің құжатының цифрлық нұсқасы жинақталған жүйе мен "IKomek" Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасымен қамтамасыз етуді ұсынуда.

Сондай-ақ жобаны толықтай кең түрде енгізу үшін қаладағы барлық объектілердің схемасын құрастыру қажет, оған көппәтерлі тұрғын үйлер де кіреді, толықтырудың үзіліссіз механизмі мен мәліметтер базасын жаңартып отыру, жүктелген критерийге сәйкес мүдделі объекті бойынша ақпаратты жедел түрде алуға көмектеседі, субъектінің иелігіне зардабын тигізбестен онлайн-мониторинг жүргізеді және де бір мезетте немесе мекенжайға шұғыл хабарландыру жібереді.

Жобаны сәтті іске асырған жағдайда өте күшті төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет етудің тиімді жүйесін қалыптастырады. Бұл жұмыстың нәтижесі - қаланың терроризмге қарсы бірыңғай құжаттарын қалыптастыру жұмысы болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу