Астанада қазақ тілін визуалды кеңістікте заманауи, тартымды әрі қолжетімді форматта ұсыну мақсатында арнайы фотоаймақтар ашылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақ тілінде креативті фотозоналар орнату қоғамдық орындарда жастардың суретке түсіп, әлеуметтік желілерде бөлісуіне ыңғайлы жасалған, сол сияқты стильді, трендті сөздермен безендірілген.
Заманауи визуалды шешімдер арқылы тіл мәселесін "қызық", "сәнді", "инстаға лайық" форматта жеткізу.
Қазіргі уақытта Нұра ауданында (Ғашықтар саябағы, Есіл өзенінің жағалауы), Сарыарқа ауданында (Арбат), Алматы ауданында ("Жетісу" және "Триатлон" парктерінде) фотоаймақтар орналастырылды.