Астанада титулды боксшылар 30-дан астам жөке ағашын екті

188

Барлығы 30-ға жуық жөке ағашы отырғызылды. 

Астанада титулды боксшылар 30-дан астам жөке ағашын екті Фото: gov.kz

Елордада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық акциясы өтіп жатыр. Елорданы көгалдандыруға Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымберген, Нұрбек Оралбай, Қамшыбек Қонқабаев секілді спортшылар қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кезекті сенбілікке сол сияқты №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері белсенді қатысты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүкіл ел бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бүгін біз Алматы ауданында ағаш отырғызуға қатыстық. Елорданың барлық тұрғынын қаланың дамуы мен тазалығына үлес қосуға, ал оны өз ауданынан бастауға шақырамын", - дейді боксшы, Париж Олимпиадасына жолдама иегері Айбек Оралбай.

Алматы ауданында экоакцияға қатысушылар қолдарына күрек, кетпен алып ағаш отырғызуға шықты. Барлығы 30-ға жуық жөке ағашы отырғызылды.

"Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық акциясы аясында атақты боксшылар №3 БЖСМ тәрбиеленушілерімен бірлесіп, 30-ға жуық ағаш отырғызды. Экоакцияның көмегімен біз жастарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын спортпен шұғылдануға және қаланың тәртібі мен экологиялық жағдайына мән беруге шақырамыз", - деді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысы жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу