Астанада ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр

553

Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отыр. 

Астанада ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Елордада ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларына алғысын білдірді.

"Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер. Ең алдымен, Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын", – деді Президент. 

Ақпаратқа сәйкес, мемлекеттер басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық серіктестік, қауіпсіздік және ынтымақтастықтың басқа да маңызды мәселелер ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу