Астанада түнгі клуб маңында 18 жастағы жігіт қаза тапты

174

Полиция мәліметінше, тергеу аясында 2 күдікті ұсталған.  

Астанада түнгі клуб маңында 18 жастағы жігіт қаза тапты Фото: Видеодан скриншот

Threads желісінде Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында төбелес болып, салдарынан жас жігіттің пышақ жарақатынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана қалалық полициясы бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын ресми түрде растады.

– Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Анықталғандай, түнгі мекемелердің бірінің маңында жастар арасында сөзге келу болып, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу