Астанада түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатқан кәсіпкерлер жауапқа тартылды

1012

Астанада түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатқан кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Этил спиртінің мөлшері 30 пайыздан асатын алкоголь өнімдерін заңсыз түрде сатқандарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішімдікті заңсыз сатуды болдырмау үшін тәртіп сақшылары сауда нүктелері мен азық-түлік дүкендерінде рейд жүргізді. Алдын алу жұмыстары барысында бірқатар заң бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Манас көшесінде орналасқан  "Әйгерім" дүкенінің сатушысы түнгі сағат 23:05-те алкоголь өнімін сатқан. Тексеріс кезінде дүкен иесінің алкогольдік өнімдерді сатуға тиісті лицензиясының жоқ екендігі белгілі болды. ҚР заңнамасын бұзғаны үшін  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабы 3 тармағы "Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу" бойынша дүкен сатушысына әкімшілік хаттама толтырылды. Енді кәсіпкер 22 690 теңге мөлшерінде айыппұл төлемек.

Жергілікті полиция қызметкерлері 2016 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы 3-тармағы бойынша 110 құқық бұзушыны анықтады. Үстіміздегі жылы 7 астаналық кәсіпкер жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу