Астанада түнгі уақытта қар күреуге 1700-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды

216

Астанада ауа райы құбылып тұр, бұл температураның күрт ауытқуына себеп болып отыр.  

Астанада түнгі уақытта қар күреуге 1700-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды Фото: Астана әкімдігі

Күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болып, қар ерісе, түнгі уақытта күрт суытады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл жағдайда мұз қатып, көктайғақ орнайды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы үздіксіз жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Күндізгі ауысым барысында елордадан қар полигондарына 3 723 ауыр жү көлігі рейсімен 60 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні қалада қар мен мұзды тазартуға шамамен 1 700 арнайы техника мен 400-ден астам жол жұмысшысы тартылды.

Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр. Бұл жұмыс тәулік бойы жүргізіледі.

Астана әкімдігі тұрғындарды жолда абай болуға және мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу