Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінің маңындағы автотұрақта полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымды іске қосқан ер адамды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында 34 жастағы азаматтың әпкесін туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу ұйымдастырғаны белгілі болды. Алайда бұл әрекет түнгі уақытта азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп талаптарын сақтаудың маңызын еске салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу