Астанада тұңғыш рет аэротакси сынақтан өтеді

475

Аэротакси бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған.  

Астанада тұңғыш рет аэротакси сынақтан өтеді Фото: kapital.kz

24 шілдеде Астанада алғаш рет аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Alatau City қалалық аэротакси жобасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратына сүйенсек, елорда көгіне тік ұшып-қонатын электрлі әуе көлігі (eVTOL) AutoFlight Prosperity көтеріледі. Ол сағатына 200 км-ге дейін жылдамдықпен ұшып, 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады. Белгілі болғандай, аэротакси "Қазанат" ипподромының аумағында ұшырылады. Аэротакси бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған.

Сынақтық ұшу 2026 жылдың мамырында Алатау қаласында өткізілген ел тарихындағы eVTOL аппаратының алғашқы демонстрациялық ұшуларының жалғасы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу