Қалалық қызмет мамандары су жағалауларын тұрақты патрульдеумен қатар, әлеуметтік желілерге де мониторинг жүргізіп жатыр. Оның барысында шомылуға тыйым салынған орындарға суға түскен азаматтар анықталуда.
Мәселен, мониторинг кезінде 1990 жылы туған әйелдің рұқсат етілмеген жерде шомылғаны белгілі болған. Ол үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
Мамандардың айтуынша, суға тек арнайы белгіленіп, рұқсат берілген орындарда түсу қажет. Шомылуға тыйым салынған аумақтарда суға түсу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.