Астанада тыржалаңаш көшеге шыққан ер адам 25 тәулікке қамалды

479

Құқық бұзушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.  

Астанада тыржалаңаш көшеге шыққан ер адам 25 тәулікке қамалды Фото: Видеодан скриншот

Елордалық полицейлер түнгі уақытта тыржалаңаш жүрген ер адамды қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің ауласында жалаңаш жүріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өзгелерге құрметсіздік танытқан 48 жастағы ер адамды ұстады.

Полицияның мәліметінше, бұл ер азаматтың алғашқы әрекеті емес. Осыған дейін аталған тұрғын өзенге жалаңаш күйде түсіп, жұртшылықтың назарын аударған.

"Соттың қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамға анық құрметсіздік білдіретін кез келген заңсыз әрекетке дереу тосқауыл қойылып, кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады", – делінген Астана қаласының Полиция департаменті хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу