Астанада Уәлиханов көшесіндегі учаске уақытша жабылды

420

Бұл туралы Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады. 

Астанада Уәлиханов көшесіндегі учаске уақытша жабылды Фото: ТОО "Елорда Даму"

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 1-7 маусым күндері Уәлиханов көшесінің А.Кравцов көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлады жауапты басқарма.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу