Ісі 1,5 жыл қаралған құрылыс компаниясының басшыларына үкім шықты

765

Жауапсыз құрылыс салушылардан 35 үлескердің пайдасына 167 млн теңге көлемінде шығын өндірілді.

Ісі 1,5 жыл қаралған құрылыс компаниясының басшыларына үкім шықты

"Инженерлік-сервистік компания" құрылыс компаниясының басшылары сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Астана қаласының қылмыстық қудалау органдары бір жарым жылдан астам уақыт бойы "Оңтүстік-Шығыс" ТК құрылысын аяқтамаған "Инженерлік-сервистік компания" ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеді.

Елордалық прокуратураның араласуынан кейін жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің барлық жағдайлары анықталды.

"Іс жүргізу прокурорының нұсқауы бойынша компания басшылары Г.М.Жұбатқанов пен Қ.М.Жұбатқановқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Олар "Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ысырап еткені және алдау жолымен мүліктік залал келтіргені үшін сотқа берілді (ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы)", - делінген хабарламада.

Екі басшыны да сегіз жылға бас бостандығынан және құрылыс саласындағы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан сегіз жылға айырды.

"Жауапсыз құрылыс салушылардан 35 үлескердің пайдасына 167 млн теңге көлемінде шығын өндірілді", - деп нақтылады прокуратура.

Өндірілген соманың есебінен үлескерлерге "Оңтүстік-Шығыс" ТК аяқталмаған нысанның үлесі, аумағы 0,3248 га жер тілімі және рұқсат құжаттамалары берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу