Астанада Ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдер фестивалі өтті

135

Іс-шараға Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.  

Астанада Ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдер фестивалі өтті Фото: Астана әкімдігі

Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық академиялық кітапханада "Nomad Style Show" ұлттық фестивалі ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қатысушылар дәстүрлі киімдер мен халықтардың мәдени ерекшеліктерін таныстырды. Қазақ, орыс, поляк, беларусь, татар, өзбек және басқа да этностардың ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ қатысушылар халықтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен танысып, ұлттық әндерді тыңдап, би қойылымдарын тамашалады.

Бұл іс-шара мәдени әртүрлілікті дәріптеп, ұлттық мұраны сақтауда маңызды алаңға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу