Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті

116

Жасөпірімді “Астана Арена” спорт кешені маңында қызмет атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің қатардағы сарбаздар Иманжүсіп Түменбаев пен Александр Баширов байқаған.  

Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті Фото: baq.kz

Патрульдеу кезінде олар басы айналып, жерге құлаған жасөспірімді көріп дереу көмекке ұмтылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарбаздар баланы орнынан тұрғызып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін анасына хабарласып, баланы көлікке дейін көтеріп апаруға көмектескен.

Айта кетейік, бұл ұландықтардың алғашқы медициналық көмек көрсетуі емес. Бұған дейін "Астана Арена" стадионының жанындағы мерекелік концерт кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері есінен танған бірнеше көрерменге көмек көрсеткен болатын.

Бұл жағдай әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіппен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына да бейжай қарамайтынын аңғартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу