Астанада ұлттық және діни алауыздықты қоздырған 11 адам сотталды

158

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада ұлттық және діни алауыздықты қоздырған 11 адам сотталды Фото: atameken.kz

Ведомство мәліметінше, елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде, тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған.

"Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы талаптарына қарама-қайшы болып келеді. Мемлекеттік айыптаушылармен сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген, нәтижесінде олардың барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Қала прокуратурасы арандатушылыққа бой алдырмауға, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасына араздық тудыратын сөздер мен әрекеттерге жол бермеуге назар аударады, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу