Астанада ұрланған көлікпен жүрген жігіт апатқа себепші болды

174

Күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Астанада ұрланған көлікпен жүрген жігіт апатқа себепші болды Фото: instagram.com/astana_city

Астанада 18 жастағы жігіт көлікті ұрлап кетіп, арты жол-көлік оқиғасына ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы Абылай хан көшесінде болды. Теміртау қаласының 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 маркалы көлік ұрлап кеткен. Ол жол қозғалысы ережелерін елемей, қала ішінде қауіпті маневрлер жасаған.

Кейін тізгінге ие бола алмай, апатқа себеп болған. Салдарынан 3 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу