Астанада үш бала жүк пойызының вагонына шығып, 70 км жолды жүріп өткен

98

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Астанада үш бала жүк пойызының вагонына шығып, 70 км жолды жүріп өткен Фото: Көлік полициясы

Ақмола облысындағы Аршалы стансасында көлік полициясы бөлімінің қызметкерлері жүк пойызынан 8, 10 және 11 жастағы үш баланы түсіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, балалар Астана стансасында қызығушылық пен ойын мақсатында жүк пойызының бос вагонына мініп, бірнеше ондаған шақырымға дейін жүріп кеткен. Көлік полицейлерінің қырағылығының арқасында олар дер кезінде анықталып, пойыздан түсірілді. Осылайша қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

"Кәмелетке толмағандардың ата-аналары теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, олар балаларды тәрбиелеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау міндеттерін орындамағаны үшін де жауапкершілікке тартылады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу