Астанада ұшақ дәретханасында вейп шеккен шетелдік рейстен түсірілді

757

Оқиға 7 қыркүйекте болған.  

Астанада ұшақ дәретханасында вейп шеккен шетелдік рейстен түсірілді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Елорда әуежайында Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақтың 38 жастағы шетелдік жолаушысы рейстен түсірілді. Ол ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында электронды темекі шеккен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері жолаушыны әуе кемесі командирінің актісі негізінде рейстен түсірген. Тексеру барысында шетел азаматының ұшу кезінде электронды темекі шегуге тыйым салынғанына қарамастан, бұл талапты бұзғаны анықталды.

Сондай-ақ оның әрекеті авиациялық қауіпсіздік талаптарына қайшы келген. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК, яғни 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полиция ұшақ бортында темекі және құрамында никотин бар өнімдерді, соның ішінде электронды темекі мен вейптерді пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу