Астанада "Үздік жас отбасы" байқауының үздіктері анықталды

537

Қатысуға 50-ден астам отбасыдан өтінім түскен.  

Астанада "Үздік жас отбасы" байқауының үздіктері анықталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Байқау шартына сәйкес  олардың ішінен 10 отбасы іріктеліп алынды. 

"Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Бұл отбасындағы құндылықтарды көпшілікке көрсетуді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің сыйластығы, махаббатының беріктігін көрсететін байқау деп ойлаймын. Мақсатымыз – көпшілікке өзімізді ең өнегелі әрі үлгілі отбасы екенімізді көрсету", - деді қатысушы Нұргүл Тырнақан.

Ал әділ қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында "Бәйтерек" тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры  Гүлнар Кулушева және т.б. бар.
Қазылар алқасы қатысушыларды 3 байқаудың қорытындысы бойынша анықтайды. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик көрсетіледі. "талантты отбасы" атты екінші кезеңде қатысушылар өнерін көрсетеді. Ал соңғы "Сөз тап" ойынында ер-зайыптылардың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек. 

Іс-шара барысында қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Олар:

  • 1 орын (500 000 теңге) – Сәдуақас отбасы,
  • 2 орын (350 000 теңге) – Садықовтар,
  • 3 орын (250 000 теңге) – Кожахметовтер,

Сол сияқты 7 үздік отбасыға 100 000 теңгеден табысталды. Олар: Нұрымбет, Арушаевтар, Исабай, Мерземхан, Есенжолов, Құлшар, Даулетовтер отбасы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу