Астанада В және С вирустық гепатиттерін төмендету бойынша пилоттық жоба іске қосылады

452

Жоба 10 000 адамды қамтуы тиіс.  

Астанада В және С вирустық гепатиттерін төмендету бойынша пилоттық жоба іске қосылады Фото: gov.kz

Вице-министр Вячеслав Дудниктің төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде CDAF ауруларды талдау орталығы қорының өкілдерімен кездесу өтті, деп жазады inbusiness.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында В және С вирустық гепатиттерін жою жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыруды талқылауға ауруларды талдау орталығы (CDAF) Қорының Басқарушы директоры Хоми Разави, Өзбекстан Республикасының CDAF өкілі Садирова Шахло, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің мамандары (МКҰД,ЖБ Д), сондай-ақ осы жобаның кураторы "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС қатысты.

Вячеслав Дудник бұл жобаны Қазақстанда іске асырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бүгінгі таңда вирустық гепатиттермен сырқаттану проблемасы біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Вирустық гепатит бауырдың ауыр ауруын және гепатоцеллюлярлық карциноманы тудырады. Сондай-ақ, ол вирустық гепатиттердің профилактикасы бойынша барлық ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде СӨС аспектілері бірлесіп пысықталатынына және пилоттық жоба қысқа мерзімде басталатынына сендірді.

Осы жобаны іске асырудың арқасында С вирустық гепатитін уақтылы анықтау, емдеу және оның асқынуларының алдын алу үшін халықты жалпыға бірдей скринингтеу мәселесі пысықталатын болады, бұл цирроз мен бауыр обырынан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу