Астанада "Worldskills Kazakhstan 2022" кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

655

Бүгін Астанада VII республикалық "WorldSkills Kazakhstan 2022" кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.  

Астанада "Worldskills Kazakhstan 2022" кәсіби шеберлік чемпионаты басталды Фото: dknews.kz

Оған еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам жас маман, WorldSkills өңірлік турларының жеңімпаздары қатысып жатыр, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға қатысушылар 30 ресми құзырет бойынша сайысқа түседі. Олардың арасында электрлік жұмыстар, бизнеске арналған IT шешімдер, веб-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу және т.б. бар.

"WorldSkills Kazakhstan 2022" республикалық чемпионаты 7-9 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы "EXPO" халықаралық көрме орталығы мен колледждер алаңында өтеді. Байқауға қатысушылардың, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың жас қызметкерлерінің жұмысын 500-ден астам сарапшы бағалайды.

Дәстүрлі кәсіби шеберлік байқауының басталуына Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Ол еліміздің түкпір-түкпірінен келген чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған. Білікті кадрларды даярлауда жаңа тенденциялардың пайда болуына ықпал етеді. Оған әлемнің 60-тан астам елі қатысады. Қазақстан WorldSkills International (WSI), WorldSkills Europe (WSE) және WorldSkills Asia-ның (WSA) толыққанды мүшесі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу