Астанада заңсыз сатылмақ болған 30-дан астам бөтелке алкоголь тәркіленді

397

Астананың Сарыарқа ауданында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы рейд барысында кезекті заңбұзушылық анықталды.

Астанада заңсыз сатылмақ болған 30-дан астам бөтелке алкоголь тәркіленді Фото: gov.kz

Тексеру кезінде ойын-сауық орындарының бірінен рұқсат құжаттарынсыз сатуға дайындалған алкоголь өнімдері табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейд барысында 30-дан астам бөтелке алкоголь тәркіленді. Олардың арасында қолдан жасалған және шығу тегі белгісіз ішімдіктер де болған.

Әкімдіктің мәліметінше, мұндай өнімдердің заңсыз айналымы азаматтардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Осыған байланысты жиналған материалдар заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жолданды. Елордада алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

"Әрбір өтініш қаралып, түскен ақпарат уәкілетті органдармен бірлесіп тексеріледі. Аудандағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті тек бірлескен күш-жігер арқылы қамтамасыз ете аламыз", – деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Сонымен қатар аудан әкімдігі тұрғындарды алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылу фактілері туралы құзырлы органдарға хабарлауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу