Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі

194

Қалада заңсыз қойылған көліктерді эвакуациялау күшейтіліп, ақылы тұрақтардың тарифі қайта қаралуы мүмкін.  

Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі Фото: gov.kz

Қазір Астана жолдарының 30 пайызы цифрлық бақылауға алынған. Бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізу үшін қосымша 28 аппараттық кешен орнату жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ай сайын заңсыз тұраққа қойылған көліктер бойынша 700-ден астам өтінім түсіп, орта есеппен 530 автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізіледі. Осыған байланысты қалаға тағы 10 эвакуатор сатып алу және эвакуация қызметінің қазіргі 13 мың теңгелік тарифін қайта қарау ұсынылды.

Сонымен қатар ақылы автотұрақтарға сараланған тариф енгізу жоспарланып отыр. Қала 3 аймаққа бөлініп, әрқайсысында тұрақ құны әртүрлі болады. Жаңа жүйені тамыздың соңы немесе қыркүйектің басында іске қосу көзделіп отыр. Бұрын автотұрақтарды басқару жүйесін жекеменшік компания басқарған болса, енді ол толықтай әкімдік меншігіне өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу