Ол өзін жоғары табыс әкелетін IT-бизнес иесі ретінде таныстырып, ақылы автотұрақ жүйесімен жабдықталған шлагбаумдар орнатуға ақша салуды ұсынған. Жобаға ортақ иелік болады деп сендірген, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Алайда іс барысында оның бұл ақшаны ешқандай бизнеске салмағаны, керісінше жеке қажетіне жұмсағаны анықталды.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, сот оның алаяқтық жасағанын дәлелдеп, материалдық шығынды өтетуге міндеттеді.
Прокуратура азаматтарды инвестиция туралы күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырып отыр.