Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады

Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр.

Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады Фото: kursiv.media

Президенттің пікірінше, мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.

Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз.

Еуразияның негізгі көлік-логистикалық хабы ретіндегі орнын нық бекіту үшін Қазақстан алдында бірқатар маңызды міндет тұр.

Ең алдымен, халықаралық бағыттарды қоса алғанда, көлік саласын толық цифрландыру қажет.

Жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүкқұжаттар арқылы басқару – ақылға қонымсыз нәрсе. Бұл – тығырыққа апаратын ең төте жол, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу