Астанада жаңа мурал салынды

149

Елорданың Сарыарқа ауданында Ұлттық ұланның сарбаздарына арналған жаңа муралдың салтанатты ашылуы өтті. 

Астанада жаңа мурал салынды Фото: Астана әкімдігі

"Ұлттық ұлан – ел айбыны" муралында сақшылар бейнеленген. Ол Сәкен Сейфуллин көшесі, 9/1 мекенжайындағы үйдің қасбетіне салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Салтанатты ашылу рәсіміне Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.

Лента қию рәсімін өткізу құрметі елордалық №5573 бригаданың әскери қызметшілері Даниал Сәрсенғалиев пен Нұржан Жұмабекұлына тапсырылды.

Ерекше айта кетерлігі, патрульдеу кезінде Даниал көшеде ауырып қалған қыз балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сол арқылы оның өмірін сақтап қалған. Ал Нұржан астаналық сауда орталықтарының біріндегі өрттің алдын алды.

"Бұл жас жігіттер – әскер қатарына шақырылғандар, өткен жылдың күзінде шақырылған, қызмет барысында өздерін абыроймен көрсете білді. Ұлттық ұлан жауынгерлері Қазақстанның барлық өңірінде, оның ішінде елордада күндіз-түні қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың тыныштығын қорғап жүр. Сарыарқа ауданындағы жаңа муралдың ашылуының да өзіндік себебі бар. Бұл қаламыздың сәнін келтіреді. Ал ең бастысы, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді күшейтеді", – деді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ардагері, запастағы полковник Қуаныш Қожахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу