Астанада Жаңажол көшесі уақытша жабылды

474

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі мәлім етті.

Астанада Жаңажол көшесі уақытша жабылды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алаш тас жолынан бастап Мұнайшылар көшесіне дейінгі аралықтағы Жаңажол көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Осыған байланысты 2-3 қыркүйек күндері жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалыс толығымен шектеледі.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу