Астанада жарақат таңатын пункттер тәулік бойы жұмыс істейді

223

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астанадағы ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын өте сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.  

Астанада жарақат таңатын пункттер тәулік бойы жұмыс істейді Фото: gov.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты елордалық жарақат пунктері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ересек адамдар мына жарақат пунктерінде қабылданады:

  • Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпсалалы қалалық аурухана);
  • Ә.Молдағұлова көшесі, 28 (№3 көпсалалы қалалық аурухана).

Балалар жарақат пунктері келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:

  • Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы);
  • Желтоқсан көшесі, 2 (№2 қалалық емхана).

Дәрігерлер көктайғақта жарақат алмау үшін табаны ыңғайлы әрі жалпақ аяқ киім киюге, сондай-ақ балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу