Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды

311

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. 

Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды Фото: Бейнежазбадан

Бөгенбай батыр даңғылында жасөспірім аялдама павильонының әйнегін аяғымен теуіп сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәмелетке толмаған жасөспірім профилактикалық есепке алынды. Оның мінез-құлқы мен жасаған құқық бұзушылығы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында жеке қаралып, тиісті профилактикалық шаралар қабылданады.

Жасөспірімнің ата-анасы да баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қалалық мүлікке келтірілген залал заңды өкілдерінен толық көлемде өндіріліп алынады.

Полиция мүлікке қасақана зиян келтіру деректерінің әрқайсысы бойынша тиісті шара қабылдайды. Кінәлілер анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу