Астанада жатақханадан өрт шықты

213

Байқоныр ауданында 5 қабатты жатақхананың бір бөлмесінде үй заттары тұтанған.    

Астанада жатақханадан өрт шықты Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алғаш келген өрт сөндіру бөлімшелері бөлменің үшінші қабатынан қалың қара түтін шығатынын байқаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы барлау жүргізді. Өртті сөндіру үшін өрт оқпандары қолданылды. ТЖМ қызметкерлері келмей тұрып, жатақхана тұрғындары өздігінен эвакуацияланды.

Өрт 10 шаршы метр алаңда жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу