Астанада жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

301

Екі аптаға жетер-жетпес уақытта коммуналдық қызметтер 1,1 млн текше метрден астам қар шығарды.  

Астанада жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Астанада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық, деп жазады inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, боран соқты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар мен тротуарлар мұзға айналды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді: қар күреу, жолдар мен тротуарларды мұздан тазарту, реагенттер себу (құм-тұз қоспасы).

Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метр, яғни 2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең қар шығарды.

Таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қала сыртындағы қар полигондарына барлығы 325,7 мың рейс арқылы 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу