Астанада жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті

1077

Астанада жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті

Астанада жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті.    Жол-көлік апаты бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған оқиғаның барлық жай-жапсары анықталуда, деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХА.

Алдын ала болжам бойынша, жедел жәрдем көлігін басып озғысы келген "Лада" маркалы автокөлігі қарсы жолаққа шығып,  патрульді автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан патрульді көлік қарсы беттегі жедел жәрдеммен соқтығысады. Ал "Лада" жүргізуші көлікті басқара алмай, көше шамының бағанасына ұрынған. Жол-көлік апатынан "Лада" жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу