Астанада жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырған ер адам қамалды

427

44 жастағы ер адам масаң күйде болған.  

Астанада жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырған ер адам қамалды Фото: Видеодан скриншот

Астанада ер адам жедел жәрдем көлігінің алдыңғы әйнегін сындырған, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Түн ортасында полицияға жедел жәрдем жүргізушісінен Бейбітшілік көшесінде белгісіз ер адам қызметтік көліктің алдыңғы әйнегін зақымдағаны жөнінде хабарлама түскен.

"44 жастағы ер адам масаң күйде көшеде жүріп, қарсы келе жатқан жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырып жіберген. Соққы салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған. Полицейлер ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды",  – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу