Астанада жеке деректерін таратамын деп қорқытқан азамат 7 жылға сотталды

593

Жәбірленуші оған 17,6 млн теңгеден астам ақша берген.  

Астанада жеке деректерін таратамын деп қорқытқан азамат 7 жылға сотталды Фото: ult.kz

Астанада қала тұрғыны жәбірленушінің жеке деректерін таратамын деп қорқытып, одан 17,6 млн теңгеден астам ақша талап еткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотталушы жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оларды жариялайтынын айтып, ақша талап еткен. Психологиялық қысым жасау үшін мессенджерде өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, жалған аккаунт ашқан.

Қорқытулардың жүзеге асуынан қауіптенген жәбірленуші оған 17,6 млн теңгеден астам ақша берген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарды бопсалау фактілері орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу