Астанада жеке үйде өрт шығып, екі адам зардап шекті

459

Зардап шеккен жандар қазір орташа ауыр жағдайда. 

Астанада жеке үйде өрт шығып, екі адам зардап шекті Фото: kaztag.kz

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша өрт жатақханаға айналған жеке үйден шыққан.

"16 желтоқсан сағат 13.44 өрт сөндірушілер келген соң 4 минуттың ішінде жатақханаға айналған екі қабатты жеке үйде  жалпы көлемі 150 шаршы метрді алып жатқан шатыр мен төбе жабындысынан өрт шыққаны анықталды. Өрт салдарынан түтінге уланған 1971 және 1994 жылы туған екі адам ауруханаға жеткізілді", делінген хабарламада.

Жатахана Балқантау көшесі 137 үйде орналасқан.

Өрт сөндірушілердің күшімен жалын 14.27 сөндірілді.

Оған жеке құрамның 20 адамы мен 4 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу