Астанада желдің күшеюіне байланысты сабақтар қысқартылды

184

Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.

Астанада желдің күшеюіне байланысты сабақтар қысқартылды Фото: gazeta-n1.ru

Астана мектептерінде 6 қараша күні ауа райының бұзылып, желдің күшеюіне байланысты сабақтар қысқартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет", – деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.

Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.

Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  •  Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
  •  балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
  •  Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;
  • үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
  • қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға   болмайды;
  • қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
  • жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу