Астанада жезөкшелік қызмет ұйымдастырған 14 адам қолға түсті

156

Астанада жыныстық қызмет көрсететін пәтерлер анықталды.  

Астанада жезөкшелік қызмет ұйымдастырған 14 адам қолға түсті Фото: polisia.kz

 Полицияға ол жердегі жезөкшелік қызмет туралы жергілікті тұрғындар хабар берген, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Барлығы 14 адам ұсталды. Ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елордадағы криминогендік жағдайды бақылауға баса назар аударады", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай өткен аптада Алматыда тіркелді. Қаладағы "Манхэттен", "Ақбұлақ" және "Кәусар" тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін пәтерлер анықталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу