Жарыс "Ұлытау" спорттық-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі сағат 11:00-де басталады.
Бәсекеге Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының спортшылары қатысады.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарулы күштерінің командалары да өзара мықтыны анықтайды.
Әртүрлі жас санатындағы қатысушылар күш-қайраты, төзімділігі мен шеберлігін сынға салады.
"Жілік сындыру" – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының көне ұлттық сайыстарының бірі.
Сайыстың мақсаты – тек қолдың күші мен дұрыс әдіс-тәсілді пайдалана отырып, жілікті сындыру. Бұл дода қатысушылардан зор күш-қуатты, төзімділікті және жоғары дайындықты талап етеді.