Астанада жол апатына түскен көліктердің шеруі өтті

984

Астанада жол апатына түскен көліктердің шеруі өтті

Елорда тұрғындары жол апатына ұшыраған көліктерді жұртшылыққа көрсеткен полицейлердің акциясына шошына қарады. Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі бұл шара "Қауіпсіз жол жүрісі апталығы"  кең ауқымды республикалық науқаны аясында ұйымдастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда жергілікті полиция қызметі әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, бүгін ел науқанын өткізді. Бұл ретте полицейлер жол апатына ұшыраған бірнеше көлікті эвакуаторларға тиеп, қала көшелерімен жүріп өтті. Осындай шара арқылы полицейлер қоғамның назарын жол апаттарының салдарына аударғысы келген. Олардың пайымынша,  жол жүрісіне қатысушылар өзара іс-қимыл жасауға, жол қауіпсіздігін сақтау мен жүргізуші мәдениетін арттыруға ерекше мән беруге тиіс.

Акция Астананың негізгі көшелерінде өтуде. ЖКО салдарынан қираған көліктердің керуені Жастар сарайынан басталды. Кейін эвакуторлар шеруі Республика даңғылы,Тәшенов, Тәуелсіздік, Б. Момышұлы, М3 көпірі, Мәңгілік Ел,  Достық, Қабанбай батыр, Қонаев, Тұран, Сарыарқа, Бөгенбай даңғылдарымен жалғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу