Астанада жол апатынан 24 жастағы ер адам көз жұмды

309

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Астанада жол апатынан 24 жастағы ер адам көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты сейсенбі күні Қалдаяқов көшесінің бойында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 24 жастағы жүргізуші "Арыс" көпірінің бойымен келе жатып, көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, өзге екі көлікпен соқтығысқан.

Жүргізуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу