Астананың Нұра ауданында, Қарқаралы тас жолы бойында автобус толықтай жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері көлік құралының тұтастай отқа оранғанын анықтаған. Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелмеген.
Ведомство азаматтарды көлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу